"Білім нұрын шашқан-Мамановтар"

Категория: Новости
Дата: 09.09.2019
Просмотры: 389 Печать страницы

2019 жылдың 9 қыркүйегінде І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Білім нұрын шашқан-Мамановтар" атты тақырыпта танымдық сағат өтті. Шара барысында жас ұрпаққа 120 жылдық тарихы бар -1899 жылы киелі Қарағаш мекенінде ірге тасы қаланып бой көтерген Жетісу жеріндегі алғашқы білім ордасы "Мамания" мектебі жайында, сол мектептің негізін қалаған Маман ұрпақтары жайлы және онда алғаш білім алған қазақ зиялылары жайында жан-жақты мағлұматтар берілді.