«Тұғыры биік нар тұлға»

Категория: Новости
Дата: 10.09.2019
Просмотры: 315 Печать страницы
«Тұғыры биік нар тұлға»

           2019 жылдың 10 қыркүйек күні Н. Алдабергеновтың мемориалды музейінің ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Жаңалық ауылы Жаңалық негізгі орта мектебінде «Тұғыры биік нар тұлға» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: есімі ел есінде сақталған халқының біртуар ұлы Екі мәрте Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергеновтың халқына тигізген шарапатын, сіңірген еңбегін көрсету, азаматтық тұлғасын таныту.  Аталмыш көрмені мектеп оқушылары, ұстаздары мен ауыл тұрғындары тамашалады.