«Ұмытылмас есімдер»

Категория: Новости
Дата: 10.09.2019
Просмотры: 317 Печать страницы
«Ұмытылмас есімдер»

2019 жылдың қыркүйек айының 10-шы жұлдызында, Сарқан ауданының тарихы музейінің қызметкерлері «Черкасск қорғанысы» күніне орай, Черкасск соғысына қатысқан жауынгерлердің құрметіне арнап  «Ұмытылмас есімдер» атты тақырыптық экскурсия  өткізді. Экскурсия  Черкасск орта мектебінің 9, 10 сынып оқушылар арасында «Черкасск қорғанысы» экспозициялық кешенінде, Черкасск қорғанысына қатысушылар және  Черкасск қорғанысы әскерлерінің бірінші қолбасшысы  Мстислав Никольскийдің жеке бөлмесі жайлы, қолбасшы Иван Венедиктовтің сейф - орындығы туралы көптеген мәліметтер айтылды. Оқушылар өте қызығушылықпен тыңдап, өздеріне көптеген мәліметтер алғандарын айтып, алғыстарын білдірді.