«Музейдегі түн-2019»

Категория: Новости
Дата: 11.09.2019
Просмотры: 328 Печать страницы
«Музейдегі түн-2019»

 

        Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 9-шы қыркүйек күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында және Кеген ауданының 90 жылдығына сәйкес «Музейдегі түн-2019» жобасы ұйымдастырылды. Музей түнінде «Әрбір үйге еркеміз, суреттен сыр шертеміз» атты тақырыпта сурет көрмесі  ұйымдастырылды. Шараның мақсаты Кеген ауданының тарихын терең ұғынып, рухани жаңғыртып, сана сілкінту. «Әркім музейден тағылым алуы тиіс» деген ұлағатты ұстанымды көпшіліктің бойларына сіңірту, әрі елдің назарын рухани музейге бұрып, жастарды өлкетануға шақыру. Негізгі шаралардан басқа шеберлік сабақтары, дидактикалық ойын минуттары және фуршет үстелі ұйымдастырылды. Ұлттық әуенмен көмкерілген, әсем сазды мәдени шараны тамашалаушылар музей қызметкерлері дайындаған шағын фуршеттен дәм ауыз тиіп, жылы лебіздерін білдіріп, фотосуреттерге түсіп тарқасты.