
Үстіміздегі жылдың 16 қыркүйегінде І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде "Ұлттық аспаптар сыр шертеді" атты тақырыпта әр түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық музыкалық аспаптарынан құралған көрме өтті.
Көрермендер көрме барысында әр халықтың музыкалық аспаптарының өзіндік ерекшеліктерімен, атауымен және шығу тарихымен танысты.