«Үмбетәлі оқулары»

Категория: Новости
Дата: 18.09.2019
Просмотры: 428 Печать страницы
«Үмбетәлі оқулары»
Қазақтың «Қара жорғасы» атанған Сүйінбай, Жамбыл жырларын жалғастырушы, шашасына шаң жұқпас суырып салма ақын –Үмбетәлі Кәрібаевқа 130 жыл толып отыр. Бұл кісінің есімі қазақ халқы үшін ерекше , олай дейтініміз көрнекті халық ақыны Жамбыл бабамыздың шәкірті.Үмбетәлі Кәрібаев өзінің бүкіл шығармашылық жолында ұлттық поэзиямыздың озық үлгілерін бүгінгі заманға жеткізіп, жаңарта пайдаланған дәуір шындығына белсенді үн қосқан үздік таланттардың бірі болды.Үстіміздегі жылдың 17 қыркүйек күні «Үмбетәлі оқулары» атты байқау өтті. 5-8 сынып аралығында өткен байқау 2 кезеңнен тұрды. Бірінші қатысушылар Үмбетәлі Кәрібаевтің қанша өлеңдерін жаттағанын дәлелдесе, екінші кезең бойынша қатысушылар ақынға өздері жазған арнау өлеңдерін оқыды. Соңында қатысушылар әділқазылар алдында Үмбетәлі Кәрібаев шығармасы мен өмірі бойынша құрастырылған сұрақтарға жауап берді. Жүзден жүйрік шыққандарды әділқазылар бағалап отырды.Ал, қалған оқушылар да жүлдесіз қалмай ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Байқау соңы мерекеге ұласып, оқушылар ақынның сөзіне жазылған "Ана" әнін орындады.