«Қазақ әдебиетінің құлагері»

Категория: Новости
Дата: 19.09.2019
Просмотры: 316 Печать страницы
«Қазақ әдебиетінің құлагері»

Ү.ж 19 қыркүйек күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері Қазақ поэзиясының жұлдызы, прозашы, ақын Ілияс Жансүгіровтың туғанына 125 толуына орай Ғ.Орманов атындағы орта мектебінің оқушыларына «Қазақ әдебиетінің құлагері» атты тақырыптық экскурсия өткізді. Балаларға Ілияс Жансүгіровтың еңбек жолы таныстырылып, шығармашылығы туралы айтылды. Ілиясқа қатысты табылып жатқан тың деректер мен жасалып жатқан жұмыстармен таныстырылды. Ілияс Жансүгіровтың өмірінен сыр шертетін фотосуреттер көрсетілді.