«Театр және кино актері- Құман Тастанбеков»

Категория: Новости
Дата: 19.09.2019
Просмотры: 345 Печать страницы
«Театр және кино актері- Құман Тастанбеков»

2019 жылдың қыркүйек айының 18- шы жұлдызында Сарқан ауданының тарихы музейінің қызметкерлері  Черкасск орта мектебінің  5-сынып оқушыларына «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында әдебиет және өнер қайраткері Қ.Тастанбеков туралы «Театр және кино актері- Құман Тастанбеков» атты тақырыпта лекция оқыды. Лекцияда Құман Нұрмағанұлы Тастанбековтің өмірбаяны, актерлік шеберлігі, түскен фильмдері «Қыс-мазасыз маусым», «Ерекше түн», «Өрнек» туралы және театр сахнасында «Еңлік-Кебек», «Қан мен тер» сияқты әр алуан рөлдері жайында айтылды..