Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында - «Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив-2025» жеті жылдық бағдарламасын жасау қажет деген мәселені атап өтті. Осыған орай 20 қыркүйек күні «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» «Жетісу архив қызметіне 100 жыл» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізуіне орай, М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи – өлкетану музейі «М.Тынышпаев бейнесі архив қорларында» атты көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге М.Тынышпаевтың өзінің «Материалы к истории киргиз-казакского народа» атты кітабі, жеке құжаттары, өзінің, туыстарының суреттері, Дәулет-Шейх-Али-Тынышпаевтың әкесі туралы жазған кітабі, қойылды.