«Қазақстанның қолданбалы сәндік өнері: Кеше және бүгін»

Категория: Новости
Дата: 23.09.2019
Просмотры: 389 Печать страницы
«Қазақстанның қолданбалы сәндік өнері: Кеше және бүгін»

   Үстіміздегі жылдың 20 қыркүйек күні «Музейдегі түн» жобасы аясында Сүйінбай Аронұлының әдеби – мемориалды  музейінде  «Қазақстанның қолданбалы сәндік өнері: Кеше және бүгін» атты қолданбалы өнер  көрмесі ұйымдастырылды.Көрменің мақсаты - қолданбалы өнер туындыларын таныстыру  және насихаттау, қазақ халқының  қол өнерін  жаңғырту.

   Қолданбалы өнер – халықтың мәдени өмірін көрсететін сала. Бұл өнер түрі өткеніміз бен бүгінімізді ортақ бір арнада тоғыстырады. Қолөнер туындыларының арасында киіз,кесте, ою,тері, өнерлерін  ерекше атаған жөн. Себебі ерте дәуірден халық мәдениетіне енген бұл өнер бүкіл елдің тарихын, рухани өмірін насихаттайды»,- дейді көрмеге өз қолынан тіккен  бұйымдарын алып келген Жанысбаева Айшақан апамыз. Көрме түнгі уақытта да өз жалғасын тауып артынан Мустафаева Нәсенхан апамыз бастаған «Ару ана» әжелер тобының концертімен аяқталды.