«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»

Категория: Новости
Дата: 23.09.2019
Просмотры: 387 Печать страницы
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»

             Н. Алдабергеновтың мемориалды музейінде Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері мерекесіне орай «Музей  түні» жобасы аясында  20 қыркүйек күні «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты шара ұйымдастырылды. Мақсаты: Ана тілінің қадір-қасиетін біліп,   көркемдігін сезініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету. Оқушылардың сөздік  қорларын молайтып, шешендік өнерге  баулу. Ана тілін қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Шараға Байысов орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары, мекеме қызметкерлері және ауыл тұрғындары қатысты. Шара барысында оқушылар үш топқа бөлініп, мақал-мәтел айту, музей қорындағы жәдігерлердің атауын тауып сипаттау, жалпы музей туралы сұрақтарға жауап беру кезеңдерінен тұратын сайысқа белсене қатысты. Сайыс соңында әділқазылар алқасы жеңімпаз топты анықтап, марапаттады. Сонымен қатар келушілерге музей залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «Жетісу өлкесінің туристік маршруттары» атты деректі фильм көрсетілді. Шара соңында ауыл тұрғыны Рабиға Әлжанова әннен шашу шашты.