«Жамбыл елінің жайсандары»

Категория: Новости
Дата: 23.09.2019
Просмотры: 422 Печать страницы
«Жамбыл елінің жайсандары»

20 қыркүйек күні «Музейдегі түн» жобасы аясында Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде «Жамбыл елінің жайсандары» атты кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Жамбыл ауылы мәдениет үйінің директоры, термеші Ермек Шаштайұлы мен округ әкімі Мантаев Данияр мырза шақырылды. Мақсаты Жамбыл ауданының тарихы туралы түсінік беру, осы ауданнан шыққан ақындар мен батырлардың өмірі мен шығармашылығы туралы көзқарастарын кеңейту, жас ұрпақты өз елін, жерін сүюге тәрбиелеу.Іс-шара барысында Жамбыл ауданының мәдениеті мен ұлы Жамбыл баба жайында естеліктер айтылды. Кездесу соңында Жамбыл Жабаев туралы 1937 жылы түсірілген кинофильм көрермен назарына ұсынылды.