«Ел атағын – Ер сақтар»

Категория: Новости
Дата: 23.09.2019
Просмотры: 291 Печать страницы
«Ел атағын – Ер сақтар»

Үстіміздегі жылдың 20 қыркүйегінде Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музей қызметкерлері «Ел атағын – Ер сақтар» тақырыбында «Музейдегі түні» өтті. Музей қызметкерлері дәл осы күні қонақтарды ерекше, «түнгі» форматта қарсы алды. Арнайы ұйымдастырылған көрме көптеген жағымды және танымды ақпараттарды қамтыды. Атап айтсақ, ауданымызға еңбегі сіңген азаматтарымыздың фото картиналарынан басталып, өмір жолдарымен таныстырылды. "Өткенді айтпай, болашақ жоқ" демекші, адамзаттың өткені мен өшкенін жаңғырту, тарихын ұлықтау, өскелең ұрпаққа таныстыру мақсатында ұйымдастырылатын мәдениет пен тарихтың негізгі орталарының бірі музей.
         Музей түніне аудандық мәдениет колледж студенттері, қала тұрғындары келіп тамашалады. Бұл кеште келушілер музейдің тарихымен танысып қана қойған жоқ, оны көзбен көріп, жүрекпен сезінді деуге толық негіз бар,  ал  музейг түні  сағат 1900 ден  24 00 дейн жалғасын тапты.