
Елбасы Н.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанында Қазақстан халқына жолдаған жолдауында: «Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасын көтерген болатын. Аталмыш жолдау аясында алдағы уақытта М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі «Жетісу жауһарлары» атты жобаны іске асыру мақсатында 10 бағытта экскурсиялық саяхат жүргізуді бастаған болатын.21-22 қыркүйек күндері Талдықорған – Көлсай көлдері бағыты бойынша саяхатқа Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 49 оқушысы мен ұстаздары қатысып, экскурсиялық саяхат жүргізілді.