«Музейдегі түн»

Категория: Новости
Дата: 23.09.2019
Просмотры: 321 Печать страницы
«Музейдегі түн»

     20 қыркүйек күні  Ш.Уәлихановтың  «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды музейінде  «Музейдегі түн»  жобасы аясында  Кербұлақ ауданының құрметті азаматы, зейнеткер ұстаз Бақбергенов Қозыбек Бақбергенұлымен «Өнегелі отбасы» атты тақырыпта кездесу  өтті.  Ел болашағы жастардың  бойына жақсы мінез қалыптастыра отырып, туған жеріне адал қызмет етумен бірге әркез көшбасшы болуға ұмтылуға бағыттау мақсатында өткен кездесу  барысында  өзінің өмірімен де,еңбегімен де өзгеге үлгі бола білген Қозыбек Бақбергенұлы  жиылған көпшілікке мектеп жасынан зерек болып, оқу мен еңбекке  құштар болудың арқасында  ұстаздық жолға  бет бұрып, зейнеткерлік жасқа жеткенше көптеген шәкірттер тәрбиелеп шығарғаны жайында көптеген өнегелі әңгімелерін айтып берді.  Сонымен бірге Шоқан ауылының құрылуы   мен  Шоқан музейінің ашылу   тарихына қатысты көрген, білген деректерімен бөлісіп және  ондағы   атсалысқан  жанашыр  жандардың  адал еңбектері  жайында да бірталай  қызықты әңгімелер айтып, көпшіліктің қойған әртүрлі сұрақтарына  зейнеткер ұстаз  жан-жақты  түсіндіре отырып жауап берді. «Ауылыңда қартың болса, жазып  қойған хатпен тең»  дегендей Қозыбек Бақбергенұлының   Шоқан  ауылының қазіргі деңгейге дейінгі  жету жолы жайында  айтқан  тәрбиелі  әңгімелерін  бар ынталарымен тыңдаған  жастар кездесу соңында  зейнеткер ұстаздан бата  алды.