"Музей түні"

Категория: Новости
Дата: 23.09.2019
Просмотры: 326 Печать страницы

Ағымдағы жылдың 30-тамызынан бастап, Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен жалпыреспубликалық "Музейлер шеруі" акциясы аясында "Музей түні" жобасын ұйымдастыру қолға алынған болатын. Осыған орай, 20-қыркүйек күні, "Батыр бабалар" мемориалды кешенінде 21.00-ден - 3.00-ге дейін "Музей түні" шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында, келуші қонақтарға - музейдің көрме-экспозициялық залынан орын алған - фотоколлаждар мен панорамалар бойынша қазақ тарихының Сақ заманынан бастап - Тәуелсіз Қазақстанға дейінгі кезеңдері, сондай-ақ, қазақ халқының ел болып қалыптасу жолындағы әйгілі хандары мен билерінің және жаугершілік замандағы жауынгер батырлардың ерен ерлігі жайында экскурсиялар жүргізілді. Сонымен қатар, музей экспозициясындағы артефактілер бойынша оқушыларға викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген оқушыларға сыйлықтар үлестірілді.