"Көшпенділер мәдениеті"

Категория: Новости
Дата: 29.09.2019
Просмотры: 353 Печать страницы

 Ү.ж қыркүйек айының 25-і күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы аясында "Көшпенділер мәдениеті" атты дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға ауылдық кітапхана қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен Ғ.Орманов атындағы орта мектебінің оқушылары қатысты. Ұлы дала кеңістігінде мекен еткен ата-бабаларымыздың мәдениеті жайында мағлұмат беріліп, бейнематериал көрсетілді. Ежелгі көшпенділердің ел басқару, қолөнер, малшаруашылығы, жазу-бейнелеу өнері турасында айтылды, баяндамалар тыңдалды. Ауылымыздың өнерпаз азаматы Болат Досжановтың орындауында ән шырқалды.