«Тіл татулықтың тірегі»

Категория: Новости
Дата: 29.09.2019
Просмотры: 305 Печать страницы
«Тіл татулықтың тірегі»
Үстіміздегі жылдың 26 қыркүйегінде, Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері, Қазақстан халқының тілдері күніне орай, «Менің Отаным Қазақстан» мерекелік іс - шара аясында «Тіл татулықтың тірегі» тақырыбында ауданымыздығы қыздар мектебінің шәкірттері мен аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Шара Қанатқұлқызының кездесуін ұйымдастырды. Кездесу барысында мектеп оқушылары өз өнерлерін ортаға салып, сан түрлі тілде шығармалар оқыды. Ш. Қанатқұлқызы жас жеткіншектерге қазақ тілі - дүниежүзіндегі ең бай, беделді де, бейнелі тілдердің бірі және ана тіліміз арқылы біз халқымызды, Отанымызды танып білетінімізді айтты. Кеш соңы оқушылардың қабырғаға ілген туындыларын бағалап, жеңімпаздарды анықтаумен аяқталды.