«Жетісудың жыр дүлдүлдері»

Категория: Новости
Дата: 29.09.2019
Просмотры: 415 Печать страницы
«Жетісудың жыр дүлдүлдері»

27қыркүйек 2019 жылы ШҚО, Семей каласы А.Құнанбаевтың әдеби-мемориалды музейінде Қасиетті өлкенің өнері мен мәдениетінің дамуына аса зор үлес қосқан, бүкіл әлемге есімдері әйгілі болған жыр алыбы Жамбыл Жабаев, қазақ жырының қара жорғасы Үмбетәлі Кәрібаев, құлагер ақын Ілияс Жансүгіров, Хан Тәңірінің мұзбалағы Мұқағали Мақатаев, Сара Тастамбекқызы сынды өнер қайраткерлерінің жеке заттары, қолжазбалары, музыкалық аспаптары, киімдері, тұтынған тұрмыстық бұйымдары және т.б. материалдар қойылған, қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың  175 жылдық мерейтойы қарсаңында «Жетісудың жыр дүлдүлдері» атты тақырыпта корме ұйымдастырылды. 
 Көрмені ұйымдастырудағы мақсат – Алматы облысының тарихын, өнері мен мәдениетінің дамуына үлес қосқан белгілі тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, тарихи тұлғалардың есімдерін дәріптеу және  музейаралық  байланысты нығайту болып табылады.
Көрмеге жалпы саны – 120-дан астам құнды жәдігерлер қойылды.