Батыр баба - Балпық бидің 325 жылдығы

Категория: Новости
Дата: 30.09.2019
Просмотры: 362 Печать страницы
Батыр баба - Балпық бидің 325 жылдығы

2019 жылдың 25 қыркүйегінде Кербұлақ ауданы батыр баба - Балпық бидің 325 жылдығын атап өтті. Татулықтың ордасындай болып, достықтың туын желбіретіп келе жатқан өңір – Күреңбелге облыс орталығы Талдықорған қаласынан, Алматыдан, аудандардан Балпық би бабаның 325 жылдығына орай ұйымдастырылатын тағзым ету сапарымен делегация өкілдері келді. келген қонақтар Сарыөзек ауылындағы «Ұлы даланың - ұлы даралары» саябағын аралап, М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі безендірген батырлар қару-жарақ көшпелі көрмесін тамашалады, балпық би бабамыздың дулығасы келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды. Артынша, қонақтар Ә.Сарыбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиында бас қосты.