«Қариялы ел – қазыналы ел»

Категория: Новости
Дата: 01.10.2019
Просмотры: 543 Печать страницы
«Қариялы ел – қазыналы ел»

1 қазан - Қариялар күніне орай М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музей қызметкерлері «Қариялы ел – қазыналы ел» атты мерекелік шара ұйымдастырды. Шараға Сүйінбай атындағы әдеби мемориалды музейінің негізін қалаушылардың бірі, зейнеткер Құрамысов Жолдасхан Әукенұлы, жеке коллекционер Қасенов Марат Жанахметұлы және Талдықорған қалалық «Сервис және технология» колледжінің студенттері қатысты. Шарада студенттер қарттарымыздың өмір және еңбек жолымен танысып, өнегелі әңгімелерін тыңдап, өздеріне керекті тәрбие- тағылым алды. Шара соңында коллекционер Марат Қасенов музей қорына 1972 жылы жасалған Талдықорған қаласының «кілтін» сыйға тартты.