Археологиялық жәдігерлерді М.Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейіне өткізіп беру шарасы

Категория: Новости
Дата: 01.10.2019
Просмотры: 274 Печать страницы
Археологиялық жәдігерлерді М.Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейіне өткізіп беру шарасы

Бүгін Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларының аясында, «Алматы-Өскемен» тас жолы бойында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне орай, Ақсу ауданының аумағында жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде табылған археологиялық жәдігерлерді М.Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейіне өткізіп беру шарасы өтті.«Археологиялық экспедиция» ЖШС-нің археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған жәдігерлерді  ресми түрде тапсыру рәсімі өткізіліп, қыштан, металдардан жасалған музейлік маңызы бар заттар музей қорына қабылданып алынды.Сонымен қатар, шараға арнайы шақырылған жеке коллекционер, «Үздік өлкетанушы» М.Хасенов те өз коллекциясынан Талдықорған қаласының төл мерекесі қарсаңында «қала кілтін» музей қорына табыс етті.