«Қасиет те, өсиет те қарттарда»

Категория: Новости
Дата: 01.10.2019
Просмотры: 312 Печать страницы
«Қасиет те, өсиет те қарттарда»

Ілияс Жансүгіровтің әдеби музейінде «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» мерекесіне орай қайырымдылық акция аясында «Қарттарын қадірлеген – ел ардақты» атты мерекелік кеш өтті. Шараға «Текелі қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесінің» тұрғындары арнайы шақырылды. Музейдің мәжіліс залы мерекеге сай безендіріліп, «Қасиет те, өсиет те қарттарда» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шара барысында №12 орта мектеп-гимназиясының оқушылары жырдан шашу шашып, әсем әндер орындады. Сонымен қатар, «Нұр» мешітінің бас имамы Алмас Сағидолдаұлы  абзал ақсақалдар мен ақжаулықты аналарды мейрамымен құттықтап, мешіт атынан сыйлықтар табыстады.  Кеш соңында аяулы ардагерлерімізге музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді.