«Отбасы - рухани жаңғыру тірегі»

Категория: Новости
Дата: 02.10.2019
Просмотры: 324 Печать страницы
«Отбасы - рухани жаңғыру тірегі»

    Ағымдағы жылдың 1 қазан  күні «1 қазан - Халықаралық қарттар күніне» орай «Отбасы - рухани жаңғыру тірегі» атты аймақтық байқау өтті. Іс-шараның басты мақсаты – отбасы құндылықтарын сақтау, жандандыру және дамыту болып табылады. Аймақтық байқауға Талап, Жамбыл, Шиен ауылынан отбасылар қатысты. Қарақыстақ ауылынан Сүйінбай Аронұлының әдеби – мемориалды музейінің меңгерушісі Садуақасова Аяужан Заманбекқызы қатысып бас жүлдені қанжығасына байлады.«Отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы» Бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттері ең алдымен, дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу болып табылады.