«Бабалардың ерлігі – тәуелсіздіктің тірегі»

Категория: Новости
Дата: 03.10.2019
Просмотры: 344 Печать страницы
«Бабалардың ерлігі – тәуелсіздіктің тірегі»

2019 жылдың 2 қазан күні Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы батыр баба - Балпық бидің 325 жылдығын атап өтті. Татулықтың ордасындай болып, достықтың туын желбіретіп келе жатқан өңір – «Әулиелер мекеніне» облыс орталығы Талдықорған қаласынан, Алматыдан, аудандардан Балпық би бабаның 325 жылдығына орай ұйымдастырылатын «Бабалардың ерлігі – тәуелсіздіктің тірегі» атты шарасына делегация өкілдері келді. Келген қонақтар Үштөбе қаласын аралап, М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі безендірген батырлар қару-жарақ көшпелі көрмесін тамашалады. Балпық би бабамыздың дулығасы келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды. Артынша, қонақтар аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиында бас қосты.