«Киелі жерге тағзым – ұлт құндылығы»

Категория: Новости
Дата: 03.10.2019
Просмотры: 356 Печать страницы
«Киелі жерге тағзым – ұлт құндылығы»

2019 жылдың 2 қазан күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Киелі жерге тағзым – ұлт құндылығы » атты ғылыми-теориялық конференция өтті. Конференцияның мақсаты:  ғылыми-зерттеу жұмыстары арқылы  рухани және ағарту саласын дамыту, Алакөл ауданының киелі жерлерін насихаттау. Конференцияға  Қазақ Ұлттық университетінің аға оқытушысы Р.С.Жұматаев, Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығының қызметкері С.Қ.Мүлкібаев, «М.Тынышпаев атындағы  Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК орынбасары К.Б.Исабекова , Алакөл ауданы әкімінің  орынбасары А.С.Абдинов, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Г.Ж.Жексенбаева, Қабанбай ауылдық округінің әкімі Қ.Қ.Қабдылдаев, Алакөл аудандық әжелер кеңесінің төрайымы Ұ.Б.Дүйсебаева және Қабанбай ауылының мекеме басшылары мен тарихшы, өлкетанушы ұстаздар қатысты. Конференцияның ашылу салтанаты музейде өткізіліп, қонақтарға музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді.  Музей алаңында безендірілген алакөлдік қолөнер шеберлерінің бұйымдарынан «Ұлттық қолөнер - ұлы мұра» және «Славян этно-мәдени орталығы» көрмелері  жұртшылық назарына  ұсынылды.