"Тағдыры тарих-тал бесік"

Категория: Новости
Дата: 07.09.2018
Просмотры: 583 Печать страницы
І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде "Тағдыры тарих-тал бесік" атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды.Шараның мақсаты: жасұрпақты халқымыздың рухани байлығын игеруге, ұлттық озық дәстүрден үлгі алуға баулу. Халқымыздың салт – дәстүр мәдениетін, өзіндік үлгі – өнегесін балалар бойына сіңіру. Көшпелі ғұмыр кешкен бабаларымыздан қалған қасиетті бесіктің бала өміріне пайдалылығын ұғындыру.Шара барысында- Ұлттық өнеріміздің туындысы, салтымыздың жұрнағы, ұлттық тәрбие құралы,көшіп – қонған халқымыздың ғасырлар бойы тәжірибесінен туындаған, уақыт заман сынынан сүрінбей өткен киелі бесіктің өзіндік ерекшелігі, тұрмысқа бейімділігі, бала өміріне пайдалылығы орасан зор екені туралы жан -жақты мағлұматтар берілді. Сонымен қатар бесіктің құрылысымен және нәрестені қалай бөлеу керектігі жайында да кеңінен таныстырылды.