«Қазақ прозасының майталманы»

Категория: Новости
Дата: 03.10.2019
Просмотры: 263 Печать страницы
«Қазақ прозасының майталманы»

Үстіміздегі жылдың қазан айының 3-де  Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Б. Майлиннің 125 жылдығына орай, «Қазақ прозасының майталманы» тақырыбында әдеби-сазды кеш өтті.  Кеш барысында оқушыларға Б. Майлин туралы деректі фильм және видеоролик көрсетіліп, көптеген деректер айтылды.  Музей меңгерушісі қаламгердің қара ормандай халқына қалдырып кеткен шұрайлы шығармалары ұрпақтан ұрпаққа аманат болатынын айтып сөзін түйіндеді.