«Қарты бардың қазынасы бар»

Категория: Новости
Дата: 04.10.2019
Просмотры: 353 Печать страницы
«Қарты бардың қазынасы бар»

2019 жылдың 3 қазан күні Н. Алдабергеновтың мемориалды музейінде Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай «Қарты бардың қазынасы бар» атты іс-шара өткізілді. Шараның мақсаты: көпті көрген қарияларымыздың өмір жолымен таныса отырып, жастардың бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, ата – ананы қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сынды қасиеттерді дарыта білу, аяулы қарттарымызға құрмет көрсету болып табылады. Шара барысында ауыл қарттары арнайы шақырылып, мәдениет үйі қызметкерлері әннен шашу шашып, Байысов атындағы орта мектеп оқушылары өлең оқып, күй шертті. Сонымен қатар тақырыпқа сай бейнефильм көрсетілді. Шара соңында музей залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, музей қызметкерлері мен оқушыларға қарттарымыз өз ризашылықтарын білдіріп, бата берді.