"Отбасымен музейге!"

Категория: Новости
Дата: 07.10.2019
Просмотры: 291 Печать страницы

Ү.ж қыркүйек айының 4-і күні Ақын Сараның мемориалды музейінде "Жас экскурсия жүргізуші" үйірме оқушыларымен бірге "Отбасымен музейге!" атты музей кеші өткізілді. Шараның мақсаты отбасылық құндылықтарды сақтау мақсатында адамдардың музейге тығыз байланыстылықтарын арттырыру.  Оқушылармен танымдық ойын ойнатылды. Екі топқа бөлінген балалар арасынан команда капитаны сайланып, өз топтарына атау қойды. Ойыншыларға музей экспозициясы бойынша сұрақтар жасырылды. Әр топ сұрақтар арқылы өздерінің білім деңгейін көрсетті. "Сараның ізбасарлары" атты топ жеңіске жетті. Шара соңына қарай үйірме оқушылары ата-аналарына  залдар бойынша экскурсия жүргізді.