Талдықорған – Есік бағыты

Категория: Новости
Дата: 07.10.2019
Просмотры: 381 Печать страницы
Талдықорған – Есік бағыты

Қазан айының 5-ші жұлдызында М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Жетісу жауһарлары» атты жобасы аясында  Талдықорған – Есік бағыты бойынша Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9, 10 сынып  оқушыларына экскурсиялық саяхат жүргізілді.  Саяхат барысында жол бойындағы ескерткіштер мен тарихи орындар жайлы экскурсия жүргізіліп, оқушылар сақ обаларының орны табылған  Есік Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі мен Есік археологиялық- өлкетану музейін аралап, Іле Алатауының баурайында орналасқан Есік көлі және Түрген шатқалдарының әсем табиғатын тамашалады.