
2019 жылдың 3-қазанында Алматы облысының, Қарасай ауданындағы, Шамалған ауылында орналасқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көсбасшысының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейіне жылжымалы көрме әкелді. «Тәуелсіздікті тұғырлы еткен тұлға» тақырыбындағы көрмесі Қазақстан Тұңғыш Президенті – Елбасының Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы дара жолын насихаттайды. Көрмені ауыл тұрғындары және Жамбыл орта мектебінің оқушылары тамашалады.