«Қарттар – ақыл мен асыл істердің қазынасы»

Категория: Новости
Дата: 08.10.2019
Просмотры: 346 Печать страницы
«Қарттар – ақыл мен асыл істердің қазынасы»

2019 жыл 6 қазан күні Ш.Уәлихановтың «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды музей қызметкерлері қарттар мерекесіне орай қарияларымызбен ақ жаулықты әжелерімізге құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырған «Қарттар – ақыл мен асыл істердің қазынасы» атты іс –шараға Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Керімбеков Ақшабай Дүйсенбекұлы бастаған бір топ қарияларымыз бен апайларымыз келіп, музей ішін аралап көптеген естеліктер айтты. Келген қонақтардың ішінде Ш.Уәлихановтың «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды музейінің ашылуындағы алғашқы экспозициясын жасауға қатысқан Байсова Фаруза Мұқанқызы да болды.Фаруза Мұқанқызы сол кездегі өзінің музейдің ішкі экспозициясын жасауға қатысқандағы естеліктерімен бөлісті.Сонымен бірге Ақшабай Дүйсенбекұлы ҚР Ұлттық ғылым академигі Ерғожин Еділ Ерғожаұлының биобиблиографиялық материалдан тұратын кітабын музейге сыйға берді. Ш.Уәлихановтың «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды музейін аралап жақсы әсер алған қонақтар музей қызметкерлеріне алғыстарын айтып,жұмыстарына табыс тіледі.