«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы бойынша екі жыл бойы ауқымды жұмыстар жүргізіліп, бірінші кезең жемісті аяқталып отыр. Осы ретте Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Туған жер» қазақстандық өлкетанушылар бірлестігі» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесе отырып, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты III халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.Конференцияның басты мақсаты – «Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы» арнайы жобасын жүзеге асыру қорытындысын шығару, тарихи-мәдени мұраны зерттеу және көпшілікке тарату саласында халықаралық тәжірибе алмасу.Конференцияға М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Аязбаева Рысжан Әбсеметқызы және Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық директоры Оспанов Ғалымжан Айданақұлы қатысты. Халықаралық жиынға «Айгине» мәдени зерттеулер орталығының директоры Г.Айтпаева (Қырғызстан), мәдениеттану докторы Д.Н Замятин (Ресей), М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті доценті Е.И.Ларина (Ресей), Акдениз университетінің профессоры, PhD докторы А.Карачах (Түркия), В.Н.Каразин атындағы Харьков ұлттық университеті археология музейінің директоры И.Б.Шрамко (Украина), этнографиялық музей директоры Л.Кемечи (Мажарстан), Оман Сұлтанаты Ұлттық музейінің бас директоры Д. әл-Моосави арнайы шақырылып, арнаулы тақырыптар бойынша сөз сөйледі.Сондай-ақ, конференция аясында Қазақстан музейлеріндегі мамандардың халықаралық әріптестігін нығайту және музей мамандарының қоғамдағы беделін арттыру мақсатында «Халықаралық музейлер кеңесінің қазақстандық комитеті» заңды тұлғалар бірлестігінің отырысы өтті.
Пресс-центр
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы»
Категория: Новости | |
Дата: 08.10.2019 | |
Просмотры: 357 | Печать страницы |