«Алаш ардақтысы»

Категория: Новости
Дата: 14.10.2019
Просмотры: 271 Печать страницы
«Алаш ардақтысы»

Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінде Барлыбек Сыртановтың туылғанына 153 жыл толуына орай «Алаш ардақтысы» атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды. Көрмеде №2 мектеп оқушылары Б.Сыртановтың суреттерін, күнделігін, ол туралы естеліктер, Б.Сыртановтың ұлы Әбдіқадір әкесі туралы жазған жазбаларын көуге мүмкіндік алып, экскурсия тыңдады. Қоғам қайраткерінің еңбек жолына арналған «Жетісу» телеарнасы түсірген «Арнайы репортаж» атты бейнефильмі көрсетілді.