«Өз елі өз ерлерін ескермесе, ел тегі алсын қайдан кемеңгерді»

Категория: Новости
Дата: 14.10.2019
Просмотры: 293 Печать страницы
«Өз елі өз ерлерін ескермесе, ел тегі алсын қайдан кемеңгерді»

                2019 жылдың 12 қазан күні  облыстық Б.Римова атындағы драма театрында қазақтың дүлдүл ақыны, «поэзия Құлагері» Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойына орай «Өз елі өз ерлерін ескермесе, ел тегі алсын қайдан кемеңгерді» атты  ғылыми-практикалық конференцияда І.Жансүгіров әдеби музейінің негізгі қорынан алынған құнды жәдігерлерден тұратын «Ілияс тағылымы»  атты жылжымалы  көрме безендірілді. Көрмеге ақынның құжаттары, баспа ісіне пайдаланған машинкасы, жейдесі, қолжазбалар қоры, әр жылдары шығарылған кiтаптары және ақын шығармашылығын зерттеушiлердiң еңбектерi көпшілік  назарына ұсынылды.