«Астана туралы не білесіз?»

Категория: Новости
Дата: 04.07.2018
Просмотры: 551 Печать страницы
«Астана туралы не білесіз?»

2018 жылдың 4 шілдесінде М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи – өлкетану музейінің қызметкерлері №12 орта мектеп гимназиясының «Балдәурен» жазғы лагерь оқушыларына Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Астана – жас қала» атты танымдық шара өткізді. Ойын барысында қатысушыларға «Астана туралы не білесіз?» тақырыбында қызықты викториналық сұрақтар қойылып, сүйікті де, көрікті Елордамыз Астана қаласының тарихы жайлы видеоролик көрсетілді. Бейнетаспа арқылы әсем қаламызға саяхат жасалып, көрікті ғимараттарымен танысты. Бір қызығы «Балдәурен» лагерь демалушыларының  да Астана қаласының мерейтойына арнап дайындаған  «флешмоб» музыкалық тосын сыйларын тамашаладық.

Музейді саяхаттап, шараға қатысқан лагерь оқушылары сүйікті мульфильмдерін көріп, көңілденіп қайтты.