
2019 жылдың 14 қазан күні Жамбыл Жабаев әдеби-мемориалды музейінде Сарыбай ауылының мектеп оқушыларымен Бердібек Соқпақбаевтың (13 қазан) 95 жылдығына орай «Балалар әдебиетінің атасы» атты іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты өскелең ұрпаққа Бердібек Соқпақбаевтың өмірбаяны туралы мәлімет беру, олардың ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейту, қызығушылығын ояту.