"Жетісу ақындары жырлайды"

Категория: Новости
Дата: 22.10.2019
Просмотры: 382 Печать страницы

Ү.ж 18 қазан күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері «Музейлер шеруі» атты жалпыреспубликалық акцияны іске асыру негізінде "Жетісу ақындары жырлайды" атты әдеби кеш өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты: өлкеміздегі ақындарды халыққа таныстырып, олардың өмірі мен шығармашылықтары турасында мағлұмат беру, жастарды шығармашылыққа баулып, әдебиетке қызығушылықтарын арттыру болатын. Әдемі әдеби кешке жетісу өңірінің ақындарымен бірге республикалық көлемдегі танымал ақындар арнайы келді. Олар: Гүлнәр Салықбай, Тоқтаралы Таңжарық, Нүсіпбай Әбдірахым, Гүлбақыт Қасен, Сағыныш Намазшамова, Айнұр Төлеу, Азамат Нұрмұхан. Ғ.Орманов пен Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінің оқушылары ақындардың өлеңдерін оқыды. Оқушылар ақындарға сұрақ қойып, сауалдарына жауап алды. Ақындар өздерінің өлеңдерін оқып, ашық әңгіме өрбіді. Қапал ауылдық мәдениет үйінің қызметкері Төлеген Мұқашевтің орнындауында тамаша ән орындалды. Шара соңына қарай келген қонақтар "Ауылым алатын бесігім" атты көрме тамашалап, музей залдары бойынша танысты.