
Н.А.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында 2019 жылдың 18 қазанында М. Тынышпаевтың атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінде, Бердібек Ыдырыұлы Соқпақбаевтың 95-жас толуына орай «Қазақ балалар әдебиетінің классігі» көрме, сондай-ақ «Балалар әдебіетінің бәйтерегі» атты іс-шара ұйымдастырылды. Көрмеде №2 мектеп оқушылары жазушының жеке заттарын, шығармаларын, танымал жазушылардың естеліктерін көруге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, оқушылар іс-шарада классіктің өлеңдері мен туындыларының рөлін сомдап шықты. Соңында қатысушылар іс-шаралар туралы өз пікірлерімен және әсерлерімен бөлісті.