«Музей түні»

Категория: Новости
Дата: 23.10.2019
Просмотры: 297 Печать страницы
«Музей түні»

2019 жылдың 21 қазан күні Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Музей түні» мәдени шарасы өтті. «Музейдегі түн» жобасы аясында қазақ балалар жазушысы Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаевқа арналған «Балалар әдебиетінің классигі» атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды. Жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеролик, көркемфильм, деректі фильм көрсетілді. Дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ сынды ойындар ойнатылып, викториналық сұрақтар қойылды. Сұрақтарға дұрыс та, қызықты жауап бергендерге сыйлықтар берілді. Келуші қонақтар музейдің экспозициялық залдарын тамашалап, экскурсия тыңдады. Толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды. Би алаңы ұйымдастырылып, сергіп, бимен алаңды қыздырды. Музей көрермендері ыстық ықыластарын, жылы лебіздерін білдіріп, пікірлерімен бөлісіп, рухани демалып қайтты.