«Байтақ елдің Балпығы»

Категория: Новости
Дата: 23.10.2019
Просмотры: 262 Печать страницы
«Байтақ елдің Балпығы»

       2019 жылдың 18 қазанында  Б.Римова атындағы облыстық драма театрында Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен халқымыздың көсемі, шешені, биі, әрі қол бастаған батыры Балпық би бабаның 325 жылдығына орай «Байтақ елдің Балпығы» атты ғылыми – тәжірибелік конференция өтті. Осыған орай М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі  көрме безендіріп көпшілік назарына ұсынды. Музейдегі аса құнды жәдігерлердің бірі Балпық бидің дулығасы келушілердің айрықша қызығушылығын тудырды. Шараға облыс ақсақалдары, халық қалаулылары, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар қатысты.