«Тұғыры биік нар тұлға»

Категория: Новости
Дата: 23.10.2019
Просмотры: 461 Печать страницы
«Тұғыры биік нар тұлға»

2019 жылдың 23-ші қазан күні Н. Алдабергеновтың мемориалды музейінің ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Көксу ауданы Мәмбет ауылы Жылқайдар Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектебінде «Тұғыры биік нар тұлға» атты тақырыпта жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Жылжымалы көрменің мақсаты: еңбектен бақытын тауып, туған ел мен жерге деген борышын адал атқарған, колхоз құрылысының көрнекті басшысы, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергеновтың еңбек жолы мен артына қалдырған ұлағатты істерін насихаттау. Көрме барысында Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергенов ұйымдастырған шаруашылықтың алғашқы кезеңінен бастап бүгінгі тыныс-тіршілігі  туралы мәліметтер берілді. Көрмені тамашалаушы мектеп оқушылары, ұстаздары мен ауыл тұрғындары қызығушылықпен тыңдап, өздерін толғандырған сауалдарға толық жауап алып, өз ризашылықтарын білдірді.