"Шоқанның мұралары"

Категория: Новости
Дата: 11.09.2018
Просмотры: 497 Печать страницы

Бүгін Ақын Сараның мемориалды музейінде, Шоқан Уәлихановтың "Алтынемел" мемлекеттік мемориалды музейінің ұйымдастыруымен "Шоқанның мұралары" атты көрменің ашылу салтанаты өтті. Аталған іс-шараға Қапал ауылының мекеме ұжымдары, оқушылар мен ауыл тұрғындары қатысты. Концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, Шоқанның өмірінен үзінді қойылды. Қапал ауылының тұрғындары Шоқан Уәлихановтың өмір жолы, тарихы жайлы мағлұмат алып, жеке заттарын тамашалай алды.