"Егіз жүрек"

Категория: Новости
Дата: 23.10.2019
Просмотры: 286 Печать страницы

Ү.ж. қазан айының 20 да І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Музейдегі түн" жобасы аясында І.Жансүгіровтің 125 жылдық мерей тойына орай "Егіз жүрек" атты шара ұйымдастырылды. Шара белгілі қоғам қайраткері, ақын Ілияс Жансүгіров пен жары Фатима Ғабитованың өмірі мен шығармашылықтарына арналды. Атылмыш шара "Екі жүрек-бір тағдыр" атты бейне фильмнің көрсетілуімен басталып, ақын мен оның жарының көзі тірісінде пайдаланған заттары, құжатары мен фотосуреттерінен құралған көрмемен жалғасын тапты. Сонымен қатар шара барысында "Мамания"орта мектебінің оқушылары ақынның шығармаларынан үзінділер оқыды.