2019 жылдың 27 қазан күні ҚР-ның Алматы облысы бойынша «Мемлекеттік Қызмет Істері агенттігі» ММ-нің қызметкерлері «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» музейіне арнайы келіп, музей экспозициясымен танысты. Экскурсиядан кейін қонақтар саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке барып, зұлмат жылдардың құрбаны болған жазықсыз жандарды еске алды.