Қазан айының 26 күні Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Музей түні» жобасы аясында «Жамбылдың Мәскеуге сапары» атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия кезінде Жамбыл Жабаевтың 1936-1938 жылдары Мәскеу қаласына барған сапары кезінде киген шапаны мен домбырасы таныстырылып, ұсынылды.