«Ер жүрек азаматтар»

Категория: Новости
Дата: 12.09.2018
Просмотры: 467 Печать страницы
«Ер жүрек азаматтар»

2018 жылдың 10-қыркүйек күні Сарқан тарихи музейінде Черкасск қорғанысының 100 жылдығына орай «Ер жүрек азаматтар» тақырыбында мерекелік шара өткізілді. Шараға жан-жақтан келген қонақтар, мектеп оқушылары, ауыл әкімшілігінің бас маманы - Әскербек Тілеужан қатысты. Шара барысында Черкасск ауылының 1918 ж. бастап,  осы күнге дейін жеткен жетістіктері жайлы Сарқан ауданының  тарихи музейінің меңгерушісі Е.Ф. Ракецкая мәлімет берді. Мереке  концерттік бағдарламамен жалғасты.  Шара соңында «Ашық есік» ұйымдастырылып, экскурсия жүргізілді.