2019 жылдың 31 қазан күні Шелек тарихи - өлкетану музейінің қызметкерлері "Музейдегі түн" жобасы аясында, "Туған жерге туыңды тік" атты тақырыпта іс - шара ұйымдастырды. Мақсаты: көрермендердің туған өлкесіне сүйіспеншілігін, тарих, мәдениет дəстүрлері, өз туған жерінің жетістіктеріне мақтаныштық сезімдерін арттыру. Шарада мәдениет үйінің директоры Жайырбек Рахымбекұлы қонақтарға "Туған жер " əнін тарту етті. Сонымен қатар оқушылар туған жерге арнаған өз арнауларын оқыды. Шарада қол күресі мен тастаяқтан ойындар ұйымдастырылып, жеңіске жеткендер марапатталды. Музей көрермендері іс - шара туралы өз пікірлерімен бөлісіп, ыстық ықылас лебіздерін білдіріп қайтты.