ҰОС-ның батыры Қ.Тышқанбаевтың ұрпақтарымен кездесу

Категория: Новости
Дата: 01.11.2019
Просмотры: 320 Печать страницы
ҰОС-ның батыры Қ.Тышқанбаевтың ұрпақтарымен кездесу

Ү.ж. 27- ші қазанында Жаркенттегі "Жауынгерлік Даңқ" музейінде жерлесіміз  ҰОС-ның  батыры Қ.Тышқанбаевтың ұрпақтарымен кездесу өткізілді. Іс-шара барысында қазақ батырларының өшпес ерліктері еске алынып жас ұрпақтарға үлгі ретінде насихатталды. Шараға ақындар, жазушылар, мектеп оқушылары мен Кеңес Одағының Батыры Қ.Тышқанбаевтың ұрпақтары қатысты. Батыр атамыздың ерлігі мен өмір жолдары жайлы естеліктер айтылып, бейнефильмдер көрсетіліп, әншілеріміз патриоттық әндерін шырқады. Кездесу соңында келген қонақтар ризашылығын білдіріп музей ұжымына шығармашылық табыс тілектерін білдірді.